Иран президенті Хасан Рухани барлық әлеуметтік мәселелерді шешетінін айтты – деп хабарлайды Associated Press ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, Хасан Рухани желтоқсан айында болған халықтық толқулардан кейін жергілікті телеарналардың біріне сұхбат берген. Онда ол: «Иран үкіметі елдегі барлық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді халықпен бірлесе отырып шешуге қауқарлы. Мен алдағы уақытта Иран халқының кез келген сайтты, әлеуметтік желіні кедергісіз пайдалануына жағдай жасауға тырысамын» - деген. Хасан Руханиден бөлек, Иранның рухани көсемі Аятолла Хаменей әлеуметтік толқулар аяқталғаннан кейін екі аптадан соң «Ислам революциясы сақшыларынан» өзінің бизнеске араласу өкілеттігін азайтуды сұраған.
Естеріңізге салайық, Иранда әлеуметтік толқулар 2017 жылдың 28 желтоқсанында басталып, бірнеше күнге созылған болатын. Аталмыш әлеуметтік толқуларда Иран халқы билікті Сүрия мен Ирактағы террорлық ұйымдармен емес елдегі қымбатшылықпен күресуге шақырған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?