Өзбекстан халқын мазалайтын ең маңызды мәселелер тізімі жарияланды.
«Ижтимоий фикр» әлеуметтік зерттеулер орталығы жүргізген сауалнама бойынша, қазіргі таңда Өзбекстан халқын жұмыссыздық мәселесі қатты алаңдатады. Әлеуметтік сауалнамаға қатысқан азаматтардың 65,7 пайызы халықты жұмыспен қамтуды мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі деп есептейді. Ал 40,2 пайызы азық-түлік тауарларының қымбаттауын маңызды мәселе деп санайды. 19,8 пайызы коммуналды қызмет түрлерінің бағасына алаңдаушылық білдіретінін жеткізген.
Бұдан бөлек сауалнамаға қатысқан өзбекстандықтар «ел үкіметі бірінші кезекте қандай жұмыстар атқаруы тиіс?» деген сұраққа жауап берген. Онда әлеуметтік зерттеуге қатысқандардың 31,1% «үкімет бірінші кезекте жаңа жұмыс орындарын ашуы керек» деген. Ал 29 пайызы «билік ең алдымен халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс» деген.
Естеріңізге салайық, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 2017 жылдың мамыр айында халықты жұмыспен қамту және қамсыздандыру заңына қол қойған болатын. Аталмыш заңның басты мақсаты - Өзбекстан халқын жұмыспен қамтамасыз ету және еңбек құқығын қорғау болып табылады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?