Батыс Қазақстан облысында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» 96 салымшысы пәтер кілтіне ие болды. «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында бұл азаматтарға арнап «Көктем» ықшам ауданында 9 қабатты үй салынып, пайдалануға берілген. Бұл туралы ТҮҚЖБ баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа пәтерлерді банк салымшылары жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша сатып алды. Таза әрлеудегі 1 шаршы метрдің бағасы 129 000 теңгені құрады.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов пен «Қазақстанның Тұрғын
үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының директоры Айгүл Наурызәлиева баспаналы болған азаматтарды құттықтады.
Банк мәліметі бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында үй алу үшін банк салымшылары шотқа пәтер құнының 30%-на тең ең төменгі алғашқы жарнаны жинау керекү Осыдан соң банк жылдық мөлшерлемесі 5% болатын заем береді. Бұл бағдарлама бойынша баспананы соңғы бес жыл ішінде иелігінде жылжымайтын мүлік болмаған және ең жоғарғы балл санына қол жеткізген азаматтар алады.