"Халықаралық олимпиада комитетінің шешімі бойынша, 2008 жылғы олимпиададағы ресейлік жеңіл атлет Татьяна Лебедева екі күміс медалінен айырылды", – деп мәлімдейді sports.kz. Ол ұзындыққа секіру мен үштік секіру (тройной прыжок) бойынша екінші орынды иеленген. Тексеріс барысында спортшының организмінен тыйым салынған туринабол аталатын заттың болғаны анықталды.
Сол себепті, үштік секірудегі «күміс», 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық Ольга Рыпаковаға берілетін болады.
Сонымен қатар, дәл осы 2008 жылғы Бейжіңдегі олимпиадада, 100 метрге жүгіруден «алтын» алған, ямайкалық атлет Неста Картерде допинг анықталған. Бұл туралы euronews.com хабарлайды. Соған байланысты, алтын иегерлері – Картер, Майкл Фрэйтер, Асафа Пауэлла, Усейн Болт – тексеріс барысында организмінде турбинол анықталғандар. Осылайша Ямайка бірден 4 алтынынан айырылды.
“The Qazaq Times”


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды
Өзбекстан президенті желтоқсанда Қырғызстанға барады