Италяның атақты суретшісі, ғалым, жаузшы, ойшыл, музыкант Леонардо да Винчи жазған мысалдан.
Өтірікті жанындай жақсы көретін бір жігіт бар еді. Жұрт оны «аузымен орақ оратын жүгірмек» деп жүрді. Бір күні тіс өкпесін айтып:
– Тілді мақтай бергені несі, кешке дейін сөйлегеннен басқа бітірері жоқ, – деді.
– Сендер неге шулап кеттіңдер, тістер! Өздеріңнің міндеттерің – менің жеген нәрселерімді шайнап беру екенін ұмытпаңдар, – деді жігіт оларға ұрсып.
Сонымен ол, аузына не келсе соны айтып жүрді. Тіл өзін өте бақытты сезінді. Сөйлеуіне үнемі жаңа сөздер табылып жатты. Бір күні кешкі тамақты ішіп болған соң, жігіт тілін тағы бір өтірікке безеп қойды. Тіс әділеттің әміріне бағынды. Өзін ұстай алмай, тілді сарт еткізіп тістеп алды. Тілді қан жауып кетті. Жігіттің өзі ұялып қалды. Ал, жазасын тартқан тіл де жуасып, сақтана бастады.
Сөйлердің алдында «мүмкін, үндемей қалғаным да жөн болар ма екен» дегенді де ойланып қой.
Аударған: Зұлыпхар
“The Qazaq Times”


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?