Қазақстанның халықаралық резервтері 2017 жылдың қараша айымен салыстырғанда желтоқсан айында 0,21%-ға көбейген. Алайда жыл басынан бері резерв көлемі 2,29%-ға азайып, 88,838 млрд долларды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ұлттық банктің мәліметінше, халықаралық резервтердің жалпы көлемі желтоқсан айында  0,14%-ға немесе 31,115 млрд долларға дейін көбейген. Ал таза көлемі 0,15%-ға немесе 30,603 млрд долларға жеткен.

Ұлттық қор активіне келер болсақ, 0,26%-ға көбейіп (жыл басынан бері 5,71%-ға азайған) 57,723 млрд теңгені құрады. Еркін айырбасталатын валютадағы активтер көлемі өткен айда (2017 жылдың басынан бастап - 7,35%-ға азайған) 1,42% -ға төмендеп, 18,617 млрд долларды құрады. Алтын түріндегі активтердің көлемі 2,55% -ға (+ 29,96%), 12,498 млрд долларға дейін өсті.

“The Qazaq Times”