Жалпы әлемде күніне бірнеше миллиард сурет түсіріледі. Бірақ оның ішінде еңбекпен, кәсіби деңгейде түсірілетіні ілуде біреу ғана болуы мүмкін. Ендеше 2017 жылдың ең үздік фотосы ретінде танылған бірнеше суретті назарларыңызға ұсынамыз. Бұлардың барлығын "саяси фотолар" деуге болады.
АҚШ Президенті Дональд Трамптың инаугурациясы. 20 қаңтар. Фото: Patrick Semansky / AP
Италияның Сицилия қаласындағы Этна жанартауының атқылауы. Ақпан. Фото: Antonio Parrinello / Reuters
Солтүстік Кореялық азамат әріптесімен балмұздақты бөлісіп тұр. Пиоңяң, сәуір. Фото: Damir Sagolj / Reuters
Венесуэла Президенті Николас Мадуроға қарсы демонстрация. Каракас қаласы, сәуір. Фото: Marco Bello / Reuters
Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-04» ғарыш кемесі ұшырылған сәт. Сәуір. Фото: Шамиль Жуматов / Reuters
Дональд Трамптың Йемен азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салу туралы шешіміне қарсы шыққан мұсылман азаматтардың құлшылық етуі. 2 ақпан. Фото: Lucas Jackson / Reuters
Ауғанстанның Кабул қаласы, дала кезген әйел. 7 ақпан. Фото: Omar Sobhani / Reuters
Бикон Рок саябағы маңында болған өрт. Уашингтон, қыркүйек. Фото: Kristi McCluer / Reuters
Францияның Мон-де-Марсан қаласының әскери базасында өткен оқу-жаттығу кезінде дронды іліп алған бүркіт. Ақпан. Фото: Regis Duvignau / Reuters
Ресейдің Мәскеу қаласында жемқорлыққа қарсы митингте ұсталған азамат. Наурыз. Фото: Максим Шеметов / Reuters
Франция Президенті Эмануэль Макрон сайлауға байланысты болған салтанатты кеште. Мамыр. Фото: Charles Platiau / Reuters
Бангладештегі босқындар лагеріне барар жолдағы рохинджа қызы. Қазан. Фото: Paula Bronstein / Getty Images
ҚХР төрағасы Ши Жинпиң Бейжіңде өткен Коммунистік партияның ХІХ сьезінде сөз сөйлеп тұр. Қазан. Фото: Kevin Frayer / Getty Images
Каталонияның тәуелсіздігін қолдап шыққан ереуілшілер. Барселона, қараша. Фото: David Ramos / Getty Images
ТМД елдері басшыларының кездесуіне барған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сочи, қазан. Фото: Давид Акопян / facebook.com/davit.hakobyan.52
“The Qazaq Times”