Беларусь Одесса қаласындағы консулдығын жауып тастады.
Беларусь министрлер кеңесінің қаңтар айының 4-і күні шығарған шешімі бойынша, 2018 жылдың 23 ақпанына дейін Одесса қаласындағы консулдық өз қызметін тоқтатады. Консулдық жұмысын тоқтатуға байланысты тиісті құжаттар Беларусь Сыртқы істер министрлігіне жіберілген. Бірақ құзырлы органдар Одесса қаласындағы консулдық не үшін жабылғандығы жөнінде ешқандай мәлімдеме жасамаған. Бейресми ақпарат көздерінің мәліметінше, Одесса қаласындағы консулдықтың жабылуы ресми Минск пен Киев арасындағы текетіреспен байланысты.
Естеріңізге салайық, 2017 жылдың екінші жартысында Киев пен Минск арасындағы қарым-қатынас Беларусь аумағында Украина азаматтарының тұтқынға алынуынан кейін ушыққан. Атап айтқанда Беларусь аумағында украиналық журналист Павел Шаройконың тұтқындалуы Киев пен Минск арасындағы саяси текетіреске алып келген.