Қазақстан Сүрия, Тәжікстан және Қырғызстанға 662 миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек жасады.

Тәжікстан, Қырғызстан және Сүрияға гуманитарлық көмек көрсетуге байланысты қаулыға Үкімет 2017 жылдың 20 желтоқсанында қол қойған. Аталмыш құжат Әділет министрлігінің ресми веб-сайтында жарияланған. Құжатта Қазақстан Тәжікстан Республикасына 276 миллион 790 мың теңге, Қырғызстан Республикасына 200 миллион 281 мың теңге, Сүрия Араб Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 185 миллион 617 мың теңге көлемінде қаржы бөлгендігі жөнінде айтылған.

Бұдан бөлек Әділет министрлігінің сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, Қазақстан Тәжікстанға 986 534 мың тонна мазут сатып алуға көмек ретінде 101 миллион теңге көлемінде қаржы бөлген.

“The Qazaq Times”