Таяуда АҚШ пен Түркия екіжақты қарым-қатынастарын қалпына келтіретінін мәлімдеп, 3 айға жалғасқан «виза дағдарысы» шешімін тапты. Алайда, АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті жариялаған мәліметтердің бірі Анкараның күшті наразылығын қозғады. Оған қоса, Түркияның Ресейден S-400 әуе қорғаныс құрылғыларын сатып алуы, Құрама Штаттың алаңдаушылығын туғызды. Бұл туралы «Шинхуның» ресми сайты хабарлаған еді.
2017 жылы 28 желтоқсанда екі жақ өзара қарым-қатынасты жан-жақты қалпына келтіретінін мәлімдеді. АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде «Түркия жақ төтенше жағадайлар кезінде америкалық дипломатиялық қызметкерлерді тұтқындаудан бұрын, Уашингтонға құлақ қағыс ету керек» делінген. Бұл Түркияның АҚШ-та тұратын бас елшілігінің күшті қарсылығына ұшырады. Анкара жақ бұл шешімді «түсінбестік тудыратын бастама» деп бағалады.
«Виза дағдарысы» – екі ел арасындағы келіспеушіліктердің ең шарықтау шегі. АҚШ Мемлекеттік арнасының (NBC), 2017 жылды көп жылдық одақтас АҚШ пен Түркия байланыстарындағы ең бір «былықпалыққа толы жыл» деп бағалаған. Айталық, ең алдымен АҚШ жақ Түркияның Фетхоллах Гүленді экстрадициялау туралы өтінішін қабылдамады. Сонымен бірге, Сүриядағы күрд қарулы күштерін ашық қолдайтынын білдірді. Бұл Түркияның мүддесіне қайшы келді. Жылдың соңғы айларында АҚШ-тағы түркиялық миллиардерлер сотталды. Ал, Дональд Трамптың Иерусалим туралы шешімдері жағдайды тіпті де ушықтырып жіберді.
NBC-дің сараптауынша, 2019 жылғы сайлаудан кейін де Ердоған билікте қала берсе, онда екі ел арасындағы шиеленіс жалғаса бермек. «The Washington Post» басылымының айтуынша, «виза дағдарысы» АҚШ пен Түркия арасындағы саяси теке-тірестерінің бір бөлігі ғана. Екі ел арасындағы қарым-қатынас салқындай бастағанда ,Түркия мен Ресей арасындағы барыс-келіс жақсарып тың белеске көтерілген.
АҚШ-тағы “Daily Massage” сайтында сараптауынша, 2018 жыл АҚШ пен Түркия қарым-қатынасындағы маңызы зор бір жыл болмақ. Дональд Трамптың Иерусалим жайлы қабылдаған шешімі жағдайға кері әсерін тигізеді. Қазір екі ел арасындағы ең күрделі мәселе Сириядағы күрд қарулы күштері және Гүленді Түркияға қайтару мәселесі. Дегенмен, АҚШ-Түркия қатынасының тарихынан алып қарасақ, екі елдің мүдделік байланыстары әлі де өзінің маңыздылығын жоғалта қойған жоқ.
Алғыс СЕРІК