"Қызыл Крест" ұйымы Сүрияның қатерлі ісікке шалдыққан ауыр халдегі 7 баланың шұғыл медициналық көмек көрсету мақсатында, Шығыс Гута аймағынан Дамаскіге жеткізілгенін хабарлады. Осыдан бұрын қайырымдылық ұйымы Сүрия Президенті Башар әл-Асад науқас балаларды 4 жыл бойы Үкімет әскерінің қол астында болған аумақтан орталыққа әкелу туралы өтінішті қарастырып жатқанын айтқан еді. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды. 

БҰҰ-ның мәліметінше, Шығыс Гутада аталған 7 баладан бөлек, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж 130 жеткіншек бар. 400 мыңға жуық халқы бар аймақтағы балалардың 12 пайызы аштықтың аз алдында тұр. "Қызыл Крест" ұйымы Шығыс Гутадағы гуманитарлық дағдарыс мәселесін үздіксіз көтеріп келеді. БҰҰ бірнеше күннен бері бұл аумаққа медициналық эвакуация жүргізуге тырысып жатыр.

"Қызыл Крест" ұйымы сырқат балалардың ел астанасына жеткізілетіні туралы өзінің твиттер парақшасында жазып, науқастарды алып кетуге келген жедел жәрдем көліктерінің суретін жариялады. Шығыс Гута  - Ресей, Иран және Түркияның келісуімен ""дескалациялық зона деп аталған болатын.

“The Qazaq Times”