Әлемдегі ең алып су мен құрлыққа бірдей қонуға арналған ұшақ сынақтан өтті. Бұл Қытай жасап шығарған AG600 атты ұшақ. Үлкендігі «Бойнг-747» ұшағына пара-пар бұл ұшақты жасап шығуға Қытай 8 жыл уақыт жұмсаған. Ұшақ Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Гуаңдоң (Guangdong/广东) провинциясына қарасты Жоухай қаласынан әуеге көтеріліп, кеңістікте бір сағаттық сынақ мерзімін аяқтатты. Бұл туралы BBC-дің ресми сайты хабарлады.

AG600 ұшағының әуеге көтерілуін Қытай мемлекеттік телеарналары тікелей эфирде таратты. Оның әуежайға қайтып оралуын жүздеген адам әскери оркестрдің сүйемелінде қарсы алды. Бұл ұшақ 50 аламды алып, әуеде 12 сағат ұшуға қабілетті. Ресми түрде өрт сөндіруге, судағы құтқару жұмыстарына арналып жасалғанын хабарлады.

Дегенмен AG600 ұшағын әскери мақсаттарда қолдануға да болады. Айталық, ол Қытай таласып келе жатқан Оңтүстік Қытай теңізінің барлық аралдарынан ұшып өте алады. Қытайдың ресми «Шинхау» ақпараттық агенттігі аталған ұшақ туралы таратқан хабарында «AG600 – теңіз бен аралдардың қорғаушысы» деп атады.

Қытай жарты ғасырдан бері Оңтүстік Қытай теңізіне толықтай иелік етуге тырысып келеді. Алайда, оның ішінде теңізбен шектесіп жатқан басқа елдердің де өзінікі деп өсептейтін ұсақ аралдары бар. Соңғы жылдары Қытай жасанды аралдарды көбейтіп, оған әскери инфрақұрылымдарын орналастыруда. Өткен жылдың соңында Американың стратегиялық және халықаралық зерттеу орталығының эксперттері спутниктен түсірген суреттерден жасанды аралдарда зымыран қорғаныс жүйелерінің бар екені мәлім болған.

АҚШ Қытайды стратегиялық теңіздерден жүзіп өтуге тосқауыл қойды деп айыптап, өткен жылы маусым айында Гаагадағы халықаралық сотта Оңтүстік Қытай теңізін пайдалану бойынша Қытай ешқандай да басымдыққа ие емес деген шешім шығарған еді. Халықаралық сотқа 2013 жылы Филиппин жағы «Қытай халықаралық құқықтарды бұзып жатыр» деген шағымын түсірген.

Қытай жақ бол айыптың бәрін жоққа шығарып, таласты аймақтардың бәрін өзінің экономикалық аймағы деп атауда. Олар және бұл аймақты «2 мың жылдан бері қолданып келеміз» деген. Гаагадағы сот өз шешімі үшін БҰҰ-ның конвенциясындағы жобаларды пайдаланған.

2016 жылға жеткенде Қытай жасанды аралдарынан әскери ұшақтарын ұшыра бастады. Дегенмен, бұл жасанды аралдарда тұрғындар жоқ.

“The Qazaq Times”