АҚШ қорғаныс министрі Остин Уашингтонда Сингапур қорғаныс министрі Хуаң Йоңхуңды қабылдап, қорғаныс қатынасын кеңейтіп, Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы әскери ынтымақтастықты күшейту мәселелерін талқылады.
Кездесуден бұрын Пентагонда мәлімдеме жасаған Остин Үнді-Тынық мұхиты аймағының бірқатар күрделі проблемаларға тап болғанын, сондықтан да осы аймақтағы серіктерімен тығыз байланысты сақтауға тырысатынын айтқан болатын.
Пентагон басшысы аймақтың проблемалары қатарында Қытайдың артып келе жатқан әскери ықпалы туралы сөз еткен жоқ. Дегенмен, жыл басында қызметке кіріскен кезінде Остин Қытайдың «кезең-кезең сын қатерлеріне» жауап беру Ұлттық қорғаныс стратегиясының басты мақсаты екенін ашық айқтан еді. Шілдеде ол Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі және басқа да салалардағы сын-қатерлеріне қарсы аймақтық елдермен қарым-қатынасты нығайту мақсатында Сингапур, Вьетнам және Филиппинге ресми сапармен барған.
Бұл жолы Құрама Штаттарға сапарлай барған Хуаң шілдедегі келіссөздер негізінде екі елдің аймақтағы әскери орналасуын талқылауға дайын екенін білдірген.
Кездесуде белгілі болғандай, АҚШ пен Сингапур қорғаныс күштері арасында байланысты арттырады. АҚШ әуе күштері мен Сингапурдың теңіз күштері арасында ортақ әрекет ету мүмкіндіктерін жетілдіреді; сондай-ақ, тараптар Үнді-Тынық мұхиты аймағына ортақ әскер орналастыру бойынша да іс алып барады.
Сингапур көп уақыттан бері АҚШ әуе және теңіз әскери күштерінің аймақтағы әрекеттеріне жоғары деңгейде қолдау көрсетіп келеді. Соның өзінде Қытаймен артып келе жатқан экономикалық байланыстарға сай Сингапур АҚШ пен Қытай арасындағы балансты сақтауға да күш салып келген еді. Бірақ, болашақтағы аймақтың геосаяси даму бағытынан алып қарағанда Сигапур бұл балансты ұзақ уақыт ұстап тұра алмайтындай.