Бұған дейін "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып қызмет атқарып келген Ахметжан Есімов енді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ »АҚ басқаратын болды. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайтында хабарланды.
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков қордың қызметкерлеріне жаңа басшыны таныстырды.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Есімовтың бұған дейін атқарған қызметтері туралы айтып, қысқа мерзім ішінде «Халықаралық ЭКСПО-2017» көрмесін табысты өткізуді ұйымдастырғанын атап өтті.
"Мемлекет басшысының тапсырмасымен қор алдында үлкен маңызды міндеттер мен трансформация бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру жұмыстары тұр", - деді Сағынтаев.
Айта кетейік, бұдан бұрын "Самұрық-Қазына" ҰК-ны басқарған Өмірзақ Шөкеев 15 желтоқсан күні Премьер-министрдің орынбасары - Ауыл шаруашылық министрі болып тағайындалған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды