Қазақстан уран өндіруде әлемдік лидер мемлекет. Соған қарамастан біз әлем елдерін ядролық қарулардан бас тартуға шақырушы елміз. Бұл елдің ішкі-сыртқы саясатына қалай әсер етеді? Іргеміздегі ядролық қару жағынан әлемдік көшбасшылар қатарындағы Ресеймен болған қарым-қатынасымызға қандай ықпалы бар? Қазақстанның бейбітшілік бастамасы әлемде қалай қабылдануы мүмкін? Бұл мәселелерді әлемдік ақпарат құралдары да түрлі жақтардан талдап жатыр. BBC ақпарат агенттігі де Қазақстанның уран өндірісі және ядролық қаруларды тоқтату мәселелерін сараптады.

Ядролық соғыс қазіргі заманда адамзат болашағына балта шабатын ең үлкен қауіптің бірі. 2017 жылы ядролық қару мәселесі әлем тыныштығына ең үлкен қатер төндірген мәселе болды.  Солтүстік Корея және Иранмен АҚШ-тың бұл тақырыптағы дауы Халықаралық қауымдастықтың да алаңдаушылығын тудырды.

«Қырғи қабақ соғысы» жылдарында Кеңес одағы Қазақстан жерінде шамамен 500 реттен астам ядролық сынақ жасаған. Әрі бұл сынақ алаңдар жер бетіндегі радиацияға ең көп уланған аймақ болып қалды. 1991 жылы Қазақстан ядролық қару қуатымен әлемнің 4-ші орнында тұрды. Қазақстанның ядролық арсеналы Ұлы Британия, Франция және Қытайдың ядролық қаруларын қосқандағыдан да артық болды. Соған қарамастан Қазақстан өзінің барлық ядролық қаруларынан бас тартып, Ресейге өткізіп берді. Start I, ядролық қаруларды таратпау және ядролық қаруларды сынақтан өткізбеу келісімдеріне қол қойды.  Әлемде тек Қазақстан мен Украина ғана өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан мемлекет саналады.

Риторика және соғыс болуы ықтимал деген қауіп астында көптеген елдер Қазақстан алға қойған «ядролық қарудан бас тарту» үмітін ескерген жоқ. Тіпті қазіргі кезде, діни фанатизм, жауласу, ұлт аралық, дін аралық қақтығыстардың күшейіп тұрған кезінде ядролық қаруларды таратпау, қолданбау принциптері оп-оңай шетке қағылуы мүмкін.

Дегенмен, шындығында да Қазақстанның ядролық қаруларды бір тарапты жоюда тәжірибесі бар. Демек, бұл Қазақстанның ядролық қарулар туралы келіссөздерге қатысу құқығының бар екенін көрсетеді. 2017 жылы қаңтардан бастап Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. Қыркүйекте премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев Иран мен Солтүстік Кореядан басқа да мемлекеттер ядролық қару және оны өндіру үшін ресурсын дамыту әрекетіне көшуі мүмкін екенін айтты. Сонымен бірге бізді алаңдатқан бір нәрсе Ресей мен АҚШ-тың ядролық қаруларының қуаты және оның тосыннан атылып кетуі апатқа алып баруы ықтимал.

Қазақстан жазда әлемде бірінші болып аз өлшемде байытылған уран банкын ашты. Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттігі (АЭХА) қолдау көрсеткен бұл бастаманың мақсаты – әлем тыныштығын ядролық қарудың таралуын тежеу арқылы бекемдеу. АЭХА-ға мүше елдер аталған банктен аз мөлшерде байытылған 90 тонна уран алып, атом электр станцияларына қолдана алады. Шетелдік сарапшылардың айтуынша, Қазақстан билігі аз мөлшерде байытылған уранды сақтаушы орындарды өз елінде ашуы елдің ықпалын арттыру үшін жасалған. Бұған америкалық миллиардер-филантроп Уильям Баффет қолдау көрсетіп, қаржыландырған. 150 миллион АҚШ долларына құрылған жоба әлем назарын Қазақстанға және елдің ядролық қаруды шектеу бастамасына бұрды.

Аз мөлшерде байытылған уранды сақтау орындарын құру Ирандағы ядролық қару дағдарысы кезінде ортаға салынды. Қазақстан Каспий теңізіндегі дау-дамайды ретке салуға көп күш шығарды. Сонымен бірге 2013 жылы Алматыда Иран ядролық мәселесінде байланысты «5+1 тобы» кездесулерін ұйымдастырды. Иранның ядролық бағдарламаларына шектеу қойу келісіміне қол қойылғаннан кейін бірнеше ай өткен соң Қазақстан Иранға 60 тонна уран жеткізді. 2017 жылға келгенде президент Назарбаев бұл келісімдердің зор пайдасы болғанын айтты.

АҚШ-тың бағалауы бойынша ядролық бағдарламаларда Солтүстік Корея Ираннан көш ілгері алға кеткен. КХДР ядролық қару сынағын өткізгенін алғаш рет 2006 жылы білдірді. Соңғы сынағы қараша айында болды. Қазір Солтүстік Кореяда 20 атом қаруы бар, алда қуатты сутегі бомбасын жасауды жоспарлап отыр. Бұл соңғы кезде құрлықаралық баллистикалық зымыран бағдарламаларында да тың табыстарға қол жеткізген.

Заң бойынша қазақстандық дипломаттар аз мөлшерде байытылған уран туралы ақпарат бермеуге тырысады. Дегенмен, қазан айында Сыртқы істер министрінің орын бастары Ержан Ашықбаев бұл жаңа жоба Қазақстанның бейбітшілік сақтаудағы кепілдігі болып қалмақ және Солтүстік Кореямен келіссөздер кезінде де оң ықпалын көрсететінін алға тартқан. Қазақстаның бұл бағыттағы белсенділігі Сүрия мәселесі бойынша келіссөздерде де көрсетуде.

Ядролық сектордағы ынтымақтастық Қазақстан мен Ресей арасындағы мәмілеге салқындық алып келуде. «Қазатомпром»-ның «Росатом»-нан табысты бөлініп шығуы, оның ықпалында, орынын да жоғарылатты. Дегенмен, Қазақстанның уран мәселесіндегі және ядролық қарудан бас тарту бастамасы Ресейдің қазіргі билігіндегі ұстанымдарына қайшылықтар алып келеді. Аз мөлшерде байытылған уран сақтау орындарының ашылуы жән Солтүстік Корея мен Иран турасындағы келіссөздердегі әрекеттері Қазақстан өзін әлемдік ядролық регулятор қатарында көрсету мақсатының бар екенін білдіреді. Дегенмен бұл мәселеде халықаралық қауымдастықты көндіруден Кремльді денгеніне көндіру қиынға соғуы мүмкін.

“The Qazaq Times”