Ресми Кремль АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы Петерборда (Санкт-Петебург) террорлық шабуыл болатынын ескерткенін айтты. Мәліметте тағы "Ресей президенті Путин жексенбі күні АҚШ президентімен телефонда сөйлескен кезде бұл ескертуге ризашылығын білдіргені" туралы айтылған. Қауіптің алдын алуға және терактіге дайындалып жатқандарды қамауға мүмкіндік алғанын жеткізген. Бұл туралы BBC-дің ресми сайты хабарлады.
Ресми мәлімдемеде Путин Петерборда жасалмақ болған террорлық шабуыл туралы алдын ала мәліметті жеткізген АҚШ-тың Орталық барлау басқармасына және барлау қызметкерлеріне рахметін айтқан. Путин сонымен бірге ресейлік барлау қызметкерлері АҚШ-қа жасалғалы жатқан террорлық шабуылдар туралы білген жағдайда, америкалық әріптестеріне хабар беруге кепілдік ететінін айтқан.
Мәлімдемеде, жексенбі күнгі телефонда сөйлесу Ресей тарабының ұсынысымен болғаны айтылған. Ақ үй тарабы да бұл реткі телефон арқылы болған әңгімені растаған. Өткен жұма күні Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі Петерборда теракт жасамақ болған топтың тұтқындалғанын хабарлаған еді. Мәліметке қарағанда жарылыс 16 желтоқсанға жоспарланған. Аталған іске қатысты делінген 7 адам тұтқындалған. Федералдық қауіпсіздік қызметінің мәліметінде бұлардың бәрі де «Ислам мемлекеті» ұйымының мүшелері делінген.