Жексенбі күні, Пәкістанның Белуджистан провинциясының орталық қаласындағы шіркеуге террорлық шабуыл жасалып, 8 адам қаза тапты. Жарақат алған адамдардың саны 44-ке жетті. Бұл туралы «People» басылымының ресми сайты хабарлады.
Жергілікті Ішкі істер департаментінің жасаған мәлімдемесінде, террорлық топ ғибадат етуге жиналған жұртқа басып кіріп, оқ жаудырған және бір жанкешті денесіне байлаған бомбаны шіркеу ішінде жарып жіберген. Лаңкестердің біреуі қауіпсіздік қызметкерлері жағынан оққа ұшқан.
Қазірге дейін Белуджистан орталық қаласы Кеттадағы жанкештілердің шабуылын қандай да бір террорлық топ өз мойнына алмады. Белуджистан полициясы террорлық шабуыл ісін тексеруде.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды