Қазақстан мен Өзбекстан шекаралық өткізу бекеттерін жөндеу жұмыстарына байланысты «жол картасын» іске асыруға кірісті – деп хабарлайды Өзбекстан Кеден комитетінің баспасөз қызметі.
Өзбекстан тарапы Қазақстанмен арадағы сауда байланысын дамыту үшін «Ташкент», «Гишт куприк» және «Зангиота» өткізу бекеттеріне күрделі жөндеу жұмыстарын өткізіп, халықаралық талаптарға сай жүк тексеретін ренген құрылғыларын орнатпақ. Аталмыш жұмыстардың барлығы 2018-2019 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп күтілуде. Екі ел арасындағы кеден қызметін дамытуға байланысты «жол картасы» құжаттарына Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға ресми іс-сапармен барғанда қол қойған.
Өзбекстан Кеден комитетінің ойынша, Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралық өткізу бекеттерінің күрделі жөндеуден өтуі адамдар мен тауарлардың шекарада кезекте тұруын азайтады және екі ел арасындағы сауда айналымын бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік береді.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды