Франция президенті Эммануэль Макрон Израиль премьер-министрін қабылдады. Екі елдің басышылары үкімет аралық жоғары деңгейдегі келіссөз өткізді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Кездесу кезінде талқыланған кейбір мәселелерде Макрон мен Нетаньяхудің пікірлері қайшы келді. Айталық, Иерусалим және Иран мәселелерінде ортақ пікірге келе алмады. Иран мен Израиль арасындағы ұзақтан бері жалғасқан түсінбестік пен сенім, ұстаным қайшылықтарында Макрон түсіністік үшін батыл дипломатиялық қадамдар жасау туралы ұсыныстарын, Израиль басшысы терістеп, екі ел арасындағы араздықтың салмағын Иран тарабына аударды.
Жақында ғана АҚШ президенті Трамптың Иерусалим шешімінен кейін қалыптасқан жағдайға байланысты, Макрон Трамп шешімінің өңір тұрақтылығына кері әсерін тигізгенін алға тартқан. Бұл мәселе де Нетаньяху жағынан терістелді.
Естеріңізге сала кетейік, Израиль премьері Еуропа сапарының алдында жасаған мәлімдемесінде Францияның Иерусалим мәселесі жөніндегі айыптауын «екіжүзділік» деп бағалаған болатын.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды