Deutsche Bank-тің бас экономисі Торстен Слок биткоин криптовалютасын 2018 жылғы болатын ең үлкен 30 қауіптің тізіміне кіргізді, деп хабарлайды vestifinance.ru.
Bloomberg басылымы жариялаған тізімде криптовалютадан бөлек 2018 жылы әлемге төнетін қауіптер арасында мыналар айтылған:
- Солтүстік Корея
- Brexit
- Қытайдың жылжымайтын мүлік нарығындағы "көпіршік"
- Италиядағы сайлау
- Ресейдегі Президент сайлауы
- АҚШ-тағы мүлік теңсіздігінің белең алуы
- АҚШ қор нарығындағы түзетулер
- 2018 жылы Еуропа орталық банкінің QE бағдарламасының аяқталуы

Неміс банкі сарапшыларының сөзінше, биткоин курсының құбылуы ірі инвесторларға ауыр соққы болуы мүмкін. Өйткені биткоин құралдарының танымал бола түсуі оның құлдырап кетуіне әсер етуі ғажап емес.
Айта кетейік бұдан бұрын 7 желтоқсанда Deutsche Bank өзінің презентациясын жариялаған. Онда криптовалютаның инвестиция үшін қауіпті және соңғы уақыттағы оның шамадан тыс қымбаттауы спекуляция екені айтылған. Тіпті биткоиннің құбылмалылығы және цифрлы валюталық инфрақұрылым бойынша бақылаудың жоқтығы үлкен шығындарға әкеп соғуы мүмкін.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы