Әлемге ең танымал криптовалюта биткоин курсы бір тәулік ішінде бірден 18 пайызға арзандап, 13030 долларға дейін түсті. Бұл туралы CoinMarketCup порталында жазылды, деп хабарлайды РИА Новости.
2017 жылдың 17 желтоқсанында биткоинның құны 20 мың доллларға дейін қымбаттаған болатын. Осындай рекордтық көрсеткішпен салыстырғанда биткоинның құны 30 пайызға арзандады деуге болады. Ал Bitcoin Cash балама криптовалютасы 30 пайызға немесе 2536 долларға дейін арзандаған.
Сарапшылардың сөзінше, криптовалютаның болашағына қатысты жағымсыз болжамдар оның курсына әсер етіп отыр. Өйткені 19 желтоқсан күні Bitcoin.com компаниясының негізін қалаушы Эмиль Олденбург биткоиннің сауда валютасы ретінде болашағы жоқ екенін айтса, биткоинды заңдастырған Жапонияның қаржы министрі оны сенімді актив ретінде санамайтынын мәлімдеген.
Айта кетейік, электронды ақшаның бұл түріне қатысты мәселелер соңғы кезде Қазақстанда да жиі талқылана бастаған. Қаржыгерлердің бірі мұны заңдастыруды ұсынса, енді бірі биткоинның қауіпті екенін айтады.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді