Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы бұрынғы тақтайшалар қашан ауыстырылатыны белгілі болды.
Алматы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбев даңғылындағы, сондай-ақ Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бигельдинов және Роза Бағланованың аты берілген көшелердегі тақтайшаларды 16 желтоқсанға қарай жаңарту жоспарланып отыр.
Қалалық маслихат депуттары Мұрат Әділханов, Вячеслав Банщиков және Владислав Ли тақтайшалар бизнестің әлеуметтік жауапкершігі аясында ауыстырылса деген ұсыныстарын айтқан.
Сонымен Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында 16 үйдің және 33 заңды мекеменің тақтайшаларын ауыстыру жоспарланған. Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде 115 үйдің, 11 заңды мекеменің тақтайшасы, Роза Бағланова көшесінде 136 үйдің, Талғат Бигелдинов көшесінде 24 тұрғын үйдің тақтайшасы жаңартылады.
Айта кетейік, 30 қараша күні Алматыдғы Дмитрий Фурманов көшесі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ауыстырылған. Сондай-ақ біраз кішігірім көшелер Қазақстанның танымал тұлғаларының атына өзгерген болатын.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды