Алматыда желтоқсан айында қаланың бірнеше көшелерін жақсарту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы өтеді. Оның ішінде Назарбаев даңғылы да бар, деп хабарлайды abctv.kz.
Қала құрылысын жоспарлаумен айналысатын "Алматыгипрогор-1 жоба институты" ЖШС өкілінің хабарлауынша, конкурс құжатына сәйкес, даңғылда жаяу жүргіншілер аумағы кеңейтіліп, көгалдандыру және ғимараттардың бірінші қабаттарын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Ал "Қазақстан риелторларының біріккен қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі директорлар кеңесінің мүшесі Марина Грушинаның айтуынша, Назарбаев даңғылы үкіметтік болып есептеледі, сондықтан ол жерде көлік қоюға тыйым салынған. Сондай-ақ, оның айтуынша, жол бойында жаңа үш тұрғын үй кешені салынады. Тұрғын үйлер қаланың төмен жағында орналасады.
Айта кетейік, 30 қараша күні Алматы қаласы депутаттар мәслихатының шешімімен Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерген болатын.


















Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?