Алматы облысының прокуроры Азамат Жылқыбаевтың мәліметінше, қазақстандықтар "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының Қытай жағына өтуде қиындықтарға тап болған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайты хабарлады.
"Аталған орталықтың қытай жақ бөлігіне ұлтына, азаматтығына қарамастан мұсылман дәстүрімен киінген және сақалы бар тұлғалар жіберілмей жатыр. Бұл әрекеттер біріншіден, қазақстандық азаматтардың және біздің территория арқылы өткісі келетін басқа ел азаматтарының орталыққа өтуін қиындатып отыр. Екіншіден, екі ел арасындағы тауар айналымы азайып жатыр", - дейді прокурор.
Жылқыбаевтың сөзінше, орталықтағы әскери бақылау бекеттерінің жұмысы «Қорғас» ШЫХО-ның қызметін реттеу туралы талаптар мен келісімдерге сәйкес болуы керек. Ал келісім бойынша бақылау бекеттерін пайдалану тек табиғи апаттар, эпидемиялар, төтенше жағдайлар болғанда ғана қолданылуы тиіс.
Бұл ақпаратты ҚР Бас Прокурорының орынбасары Андрей Лукин де растады. Оның айтуынша, қытай тарапы сырт пішінінен діни белгілер байқалатын азаматтарды өз территорияларына өткізіп отырған жоқ. Ал қытайлықтар болса мұны: "бізде ведомствоаралық нұсқау бар, бірақ бұл мәселені шешеміз, осы жағдайда қалай әрекет ету туралы келісім болады", - деп қысқа қайырған.
Айта кетейік, соңғы уақыттарда азаматтардың діни көзқарастарына байланысты жағдайлар қиындай түскен. Тіпті Қазақстанның өзі бұл жағдайға алаңдаушылық білдіруде.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?