Йеменнің бұрынғы басшысы әрі Халық Конгресінің төрағасы Али Абдуллах Салихтың өлтірілгені расталды. Елдің бұрынғы басшысының көлік керуені сол елдегі қарулы белсенділер жағынан шабуылға ұшырап, Али Абдуллах Салихқа 30-дан астам оқ тиіп өлген. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Бір күн бұрын Халық Конгресінің өкілдерінің бірі аталған мәліметті растаған, әрі Салихтың хоусит қарулы топтары жағынан өлтірілгенін мәлімдеді. Сол күні таңертең қарулы топ Салихтың үйіне басып кіріп, қарулар мен заттарды тонаған, кейін үйді бомбамен жарып жіберген. Салихты үйінен таба алмаған қарулы топ, оны Сана қаласының оңтүстігінен 40 шақырым қашықтықтағы туған ауылына бара жатқан жолда ол отырған көлік керуенін тоқтатады. Жанындағы адамдармен бірге Салихты атып өлтірген.
Али Абдуллах Салих Йеменде 1978 жылдан 2012 жылға дейін билік жүргізді. Хоуситтер Салихпен үш жыл одақтас болған. 2015 жылы хоуситтер елдің билік тізгінін қолға алған. Али Абдуллах Салихты Сауда Арабиясымен келіскені үшін өлтірген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?