Иран сыртқы істер министрі Бахрам Касими бір күн бұрын жасаған мәлімдемесінде «қазіргі Йемендегі соғыстың басты себебі - АҚШ пен Ұлыбританияның Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуы» деп көрсетті. Бұл туралы Иран БАҚ-ына сілтеме бере отырып, People басылымы хабарлады.
Ол Иранның ақпарат құралдарына берген сұхбатында: «Иран тарабы Сауд Арабиясынан Йеменге жасалған агрессиясын тоқтатады деп үміттенеді. Сауд Арабиясын агрессияға итермелеген АҚШ пен Ұлыбританияның қаур-жарақ сатып беруі», – деді.
АҚШ пен Ұлыбритания Иранды Йемендегі хуситтерге қару-қарақ жеткізіп берді деп қарайды. АҚШ тарабы өткен айда БҰҰ-да жасаған мәлімдемесінде хусит күштерінің Сауд Арабиясының орталық қаласына қарсы зымыран шабуылын жасағанын айтқан. Алайда бұл зымыранды Сауд Арабиясының әуе қорғаныс жүйесі атып түсірді. Олар тексеру нәтижесінде зымыранның Иранда жасалғанын айтқан.
Алайда, бұны Теһран (Тегеран) билігі мойындамады. Олар бұны АҚШ пен Сауд Арабиясының ислам республикасына жапқан жаласы деп айыптаған.
Осыдан кейін Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен Иранға қарсы шара қолдануды талап етіп, алғашқы адымдағы жобаларды дайындауға кіріскен. Бірақ оған Қауіпсіздік кеңестегі тұрақты мүшенің бірі Ресей қарсы шығып, АҚШ тарабының көрсеткен дәлелдері жалған деді.
Бұл қарарға пікір білдірген Иран СІМ басшысы сөзінде: «Бұл қадамдар Йемендегі жағдайды жақсартуға еш көмектеспейді. Бұл Ұлыбританияның жаулаушыларға қолайлы етіп дайындаған халықаралық шарасы», – деп сынға алды.
Еске сала кетейік, 2014 жылы қыркүйек айында Йемендегі хусит күштері ел астанасы Санияны басып алды және елдің оңтүстік өңірлерін бақылауына алды. Йемен президенті саяси баспана сұрап Сауд Арабиясына баруға мәжбүр болды. 2015 жылы наурыз айында Сауд Арабиясы мен БАӘ Йемен хуситтеріне қарсы «Шешуші дауыл» атты әскери іс-қимылын бастап, Йемен жеріне соғыс ашқан болатын.