Ұлыбритания құқық қорғау органдары премьер-министр Тереза Мэйге жасалмақшы болған қастандықтың алдын алды.
Sky News телеарнасының мәліметінше, Скотланд-Ярд, MI5 және Уэст-Мидлендс қызметкерлері Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйге қарсы жасалмақшы болған қастандықтың алдын алған. Жергілікті құқық қорғау органдарының сөзінше, қаскөйлер премьер-министр резиденциясы Даунинг-стритке жарылғыш зат қойып, жұрт назары жарылысқа ауған кезде Тереза Мэйді өлтіруді жоспарлаған.
Бұған дейін премьер-министр баспасөз қызметі соңғы 12 айда құқық қорғау органдарының Тереза Мэйге жасалмақшы болған 9 қастандықтың алдын алғандығы жайында мәлімдеген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды