Қазақстандықтар 2018 жылы 58 мың автокөлік сатып алған.
«Қаз авто өндіріс» баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылы Республика бойынша 57 919 автокөлік сатылған. Олардың жалпы құны 496,6 миллиард теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 35,8 пайызға жоғары.
2018 жылы қазақстандықтардың басым көпшілігі Ресейдің «Lada» маркалы (13 413) автокөлігін сатып алған. Екінші орында «Toyota» автокөлігі. Былтырғы жылы 12 278 қазақстандық дәл осы марканы таңдаған. Үшінші сатыда «Hyundai» көлігі. Өткен жылы Республика бойынша 8 721 «Hyundai» автокөлігі сатылған.
Автокөлік сатып алуда Алматы (15 524), Астана (10 438) және Атырау (4 285) қалалары көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарға Шымкент (3 775), Қарағанды (3 575), Қостанай (3 514), Орал (2 574), Өскемен (2 412), Ақтау (2 328), Ақтөбе (2 144) қалалары орналасқан.