Қазақстандағы банк секторының шығындары 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айында көбейгенмен, қазан айында қаржы институттарының қызметі қайтадан қалыпқа келе бастаған, деп хабарлайды Ranking.
ҚР ЕДБ-ның жалпы жекеменшік капиталы 2017 жылдың қазан айының соңында қайта қалыпқа келіп, 3 трлн теңгені құраған. Ал шілде айында бұл көрсеткіш 2,8 трлн теңгеге дейін азайған еді. Бір ай ішінде екінші деңгейлі банктердің жеке капиталы 4,7%-ға (135 млрд теңге), бір жылда 6,9%-ға (194 млрд тенге) өскен.
Қазақстанда жұмыс істеп жатқан 33 банктің бесеуі жеке капиталының көлемін азайтқан. Ал көбейткендер - Еуразиялық банк (73,1 млрд теңгеден (80,3%) 164,2 млрд теңгеге дейін). Бір жыл ішінде өсім 75,6 млрд теңге (85,4%) болған.
Өсім байқалған банктердің бірі - Цеснабанк. Бір айда банктің жеке капиталы 31 млрд-тан (17,1%) 212,8 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Тиісінше жеке каптиал көлемі бойынша аталған банк екінші орынға көтерілген.
Ал Халық банк болса жеке капиталын арттырған банктер арасында үшінші орында тұр. Жеке капиталының өсімі 10,9 млрд теңгені құрады, жалпы көлемі 752,5 млрд теңге. Дегенмен жеке капиталының жалпы көлемі бойынша Халық банк бірінші орында.
Жалпы табыс туралы айтар болсақ, 2017 жылдың қаңтар-қазан айында банктердің өсімі 10 млрд теңгені құрады. 9 айдағы жалпы шығын - 122,8 млрд теңге.
Дегенмен 2017 жылдың қазан айының соңында Қазақстандағы 33 банктің 29-ы табысты болған. Тек Қазком шығыны банк секторындағы табыстың азаюына ықпал еткен.