«Ислам мемлекеті» ұйымы ғаламторда жаңа плакаттар таратып, рождестволық мерекелер кезінде АҚШ-та, Ұлыбританияда және Францияда террорлық шабуыл жасайтындарын айтты. Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі терроризмге қарсы тараулардың сақтықты күшейтуін, сонымен бірге жұртшылықтың мереке кезінде сергектікті арттыруын сұрап хабарлама таратты. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық порталы жазды.

Бір күн бұрын Сингапурдың «Lianhe Zaobao» басылымы және Гонконгтың «Dagong Bao» басылымдары «Ислам мемлекеті» террорлық тобының жақында жария еткен материалдары туралы айтады. Онда АҚШ-тағы «The New York Times» скверінде Санта-Клаус болып жасанған адам камераға «Қауіпті», «Жарылғыш» белгілері бар ағаш жәшікті көрсетеді. Сонымен бірге жазу жазылған тақтайшаны көрсетеді, онда «Рождествода Нью-Йоркте кездесеміз... жақында!» деген сөз жазылған.

Бұдан бөлек, Ұлыбритания мен Францияға жіберілген екі материал бар. Оның бірі жүзінде қан дағы бар пышақпен Париждегі Эйфель мұнарасын нұсқайды.  Ал енді бірі Лондондағы Regent Street көшесін фон етіп алған. Екі материалда ағылшын, француз және неміс тілдерінде «Бұл сендердің мерекелеріңде болады» деген сөз жазылған.

БАҚ мәліметтеріне қарайтын болсақ, «ИМ» тобы соңғы материалдарды жариялаған кезде, Германия полиция тараулары көптеген қалаларда ауқымды іздестіру мен рейд жүргізіп, баспана іздеп жүрген 6 босқынды күдікті ретінде қамауға алған. Бұл алты адамға рождество кезінде террорлық шабуыл жасауды жоспарлады деген күдік тағылғанымен, дәлел табылмағандықтан босатқан.

“The Qazaq Times”