Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Ұжымдық қауіпсіздік келісімі (ОДКБ) саммиті аясында Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеспейді – деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан ақпарат агенттігі.
Қырғызстан президент әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің басшысы Айзада Субақожаева журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «30 қараша күні Беларусь астанасы Минск қаласында Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының 15 жылдығына орай бас қосу болады. Онда ұйымға мүше елдердің басшылары осыған дейін істелген жұмыстарға қорытынды жасайды. Кездесу барысында кең көлемді бас қосулардан бөлек, шағын бас қосулар да болады» - деген.
Журналистердің «аталмыш бас қосуда Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі ме?» деген сұрағана Айзада Саубақожаева: «Ұжымдық қауіпсіздік келісімі саммиті аясында екі жақтық кездесулер өткізуге уақыт қарастырмаған» - деп жауап берген.
Естеріңізге салайық, бүгін Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков Мәскеу қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Бұл оның қырғыз елінің басшысы ретінде алғашқы ресми іс-сапары.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды