Қырғызстанның су жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков Қырғыз елінің басты одақтастарын атады.
Сооронбай Жээнбеков ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Қырғызстанның алдағы уақытта сыртқы саясатта кіммен әріптестікті күшейтетінін айтқан. Ол онда: «Біз алдағы уақытта Ресеймен одақтастығымызды одан ары дамытатын боламыз. Ал Қытай біздің басты сауда-экономикалық серіктесіміз болып қала береді. Бұдан бөлек біз Орталық Азиядағы көршілерімізбен де қарым-қатынасымызды жақсартатын боламыз. Ол үшін бізге бір-біріміздің ісімізге араласпайтын, екі жақтық сыйластыққа құрылған саясат ұстану қажет» -деген.
Естеріңізге салайық, Сооронбай Жээнбеков ресми түрде президенттік қызметіне қараша айының 24-і күні кіріскен болатын. Дәл осы күні ол Қырғыз халқы алдында ант қабылдағаннан кейін, Қырғызстанды алты жыл басқарған Алмазбек Атамбаевтың өкілеттік мерзімі аяқталған.