Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан президенті қызметіне кірісті. Президенттің инаугурация салтанаты "Ала-Арча" резиденциясында өтті. Республиканың жаңа президенті елдің мүддесін бірінші орынға қоюға салтанатты түрде уәде берді, деп хабарлайды 24.kg.
Бұдан бөлек, ол ел билігіне қатаң талаптар қоятын болады. Ол сөзінде: "Демократияның екі серігі бар: біріншісі - еркіндік, екіншісі - жауапкершілік. Мен халық алдындағы міндетімді орындау үшін бар уақытым мен күшімді жұмсаймын", - деді.
Сондай-ақ, Қырғызстанның жаңа президенті жемқорлықпен күрес жүргізге және сот жүйесінің ашық болуын қамтамасыз етуге уәде берді. «Біз сот инфрақұрылымын едәуір жақсартып, цифрлы әділ сот жүйесін енгізуіміз керек, сонда ғана судьялар ашық әрі жауапты болады», - деді Сооронбай Жээнбеков.
Енді Жээнбеков берген уәдесі бойынша бірінші жарлығында экс-президент Алмазбек Атамбаевты марапаттауы тиіс. Ал Атамбаев болса қырғыз елінен сенімдерін ақтамаған болса кешірім сұрайтынын айтты.
Қырғызстанда Президент сайлауы 15 қазан күні өтіп, Сооронбай Жээнбеков 54,77 пайыз дауыспен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Қырғызстанда сайлаудың өтуіне аз қалғанда Қазақстан мен Қырғызтан арасындағы саяси, экономикалық жағдай шиеленісе түсті. Бұл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездескенен кейін басталған. Осыдан кейін Алмазбек Атамбаев ресми Астананы "елдің ішкі саясатына қол сұқты" деп айыптап, Қазақстанға қарсылық нотасын жіберген. Қазақстан тарапы қырғыз билігінің бұл қарсылығын негізсіз екендігін айтып, жауап қатқан болатын. Бірақ екі ел арасындағы дау бұнымен аяқталмаған. Қырғызстандағы президент сайлауына дейін де, кейін де Атамбаев өзінің әр мәлімдемесінде Қазақстан билігін сынауын тоқтатпауда.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр