ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті мен Өзбекстанның авиациялық әкімшілігі және екі елдің әуе компаниялары арасындағы келіссөздерден кейін екі әуе рейстерін арттыру туралы келісім жасалды. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің фейсбук парақшасында хабарланды.

Сонымен «Эйр Астана» әуе компаниясы 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Өзбекстанға келесі бағыттар бойынша рейс санын арттырады:

  • 2 желтоқсаннан бастап Алматы-Ташкент бағыты бойынша рейс апта сайын 6-7 рет. Яғни ұшу күнделікті жүзеге асады.
  • Астана-Ташкент бағыты бойынша 3 желтоқсаннан бастап аптасына 3-4 рет;

Ал "Өзбек әуе бағыты" әуе компаниясы Қазақстанға келесі бағыттар бойынша рейстер санын көбейтеді:

  • 4 желтоқсаннан бастап Алматы-Ташкент бағыты бойынша рейс саны аптасына 6-7рет;
  • 2018 жылдың 4 наурызынан бастап Ташкент-Астана бағытында рейс 3-4 рет болады;

Нәтижесінде екі ел арасындағы рейстер саны 1 аптада 22 рет жүзеге асады. Жолаушылардың Алматыдан Ташкентке күніне екі рет Астанадан екі күнде бір ұшуына мүмкіндігі бар.

Алдағы уақытта Самарқанд, Бұқара, Үргенішке рейстер ашу жоспарланған.

“The Qazaq Times”