Қазан айының 10-ынан бері Қазақстан билігі Қырғызстанмен арадағы шекарасынан тауар мен адамдардың өтуіне кедергі жасап отыр – деп мәлімдеді Қырғызстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Миргүл Молдойсаева.
Қараша айының 21-і күні БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының екінші комитет отырысында Қырғызстан өкілі Миргүл Молдойсаева қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайларға байланысты мәлімдеме жасады. Ол онда: «Бір айдан астам уақыт бойы Қазақстан тарапы Қырғызстанға экономикалық және транспорттық тосқауыл қойып отыр. Бұның барлығы Қырғызстан экономикасына зиян келтіруде. Қазақстан билігінің жасап жатқан әрекеттері Қырғызстанға инвестиция мен туристерді тартуға кедергі келтіру үшін жасалып отыр» - деген.
Осыдан кейін Ассамблея мүшелері қандай да бір мемлекеттің өзге бір елге қарсы бір жақты экономикалық, саяси шешім қабылдауына тыйым салатын қарар қабылдаған. Аталмыш қарарды қолдап 166 мемлекет дауыс беріп, 49 ел қалыс қалған. АҚШ пен Израиль қарардың қабылдануына қарсы дауыс берген.
Естеріңізге слайық, бұған дейін қараша айының 20-сы күні Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев кезекті рет Қазақстан билігін сынап, ел Санатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты сатиралық роман кейіпкеріне теңеген болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?