Енді Қазақстанда төрт банктің клиенттері бір бірінің банкоматтарынан 500 мың теңгеге дейін қаражат шешіп ала алады. Бүгін «Kaspi Bank» АҚ,«ForteBank»АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ және «Сбербанк» АҚ ЕБ жергілікті банкомат желілерінде клиенттердің серіктестік шарттары бойынша ақша алуы туралы келісім жасады.
Төрт банктің клиенттері келісімге қатысушы өзге банктің банкоматынан бір транзакция кезінде 200 мың теңгеге дейін және бір тәулікте 500 мың теңгеге дейін ала алады.
Келісім клиенттер үшін Қазақстан бойынша 4 банкке тиесілі 2 500-ден астам банкоматтан қолма-қол ақша алуды оңайлатады.
Келісімге қатысушы әр банктің өз клиенттері үшін ақша алудың жеке талаптары сақталады. Төрт банктің төлем карталарын 3,5 милионнан астам қазақстандық қолданады.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап