Шығыс еуропалық үш азамат Тайуанның Тайбей (Тайвань Тайпей) және Тайжүн қалаларындағы First Bank банкоматтарындағы 2,6 млн доллар ақшаны ұрлағаны үшін, бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Би-Би-Сидің қырғыз қызметі.
Абақтыға жабылғандар Литвия азаматы Андрейс Перегудовс, румыниялық Михаил Колибаба және Молдавия азаматы Николай Пенков. Хаккерлер банкоматтарды тонауда компьютерлік вирус программаларын қолданған.
Тайуан билігінің мәліметіне қарағанда өткен жылдың жаз айларында банктің Лондондағы бөлімшенің серверіне осындай жол арқылы шабуыл жасаған. Олар 10 минуттің ішінде жалпы 34 банкоматты тазалап үлкен сомадағы қаражатты қотарып кеткен.
Бұл іске тағы 19 адам күдікке ілінген. Болжам бойынша олар қылмыс жасап болғасын Тайуаннан шығып кеткен.
Бұндай ірі сомадағы ақшаны тонау оқиғасы Тайуанда бірінші рет тіркеліп отыр. Бұл оқиғадан кейін аралда мыңға жуық банкоматқа уақытша құрсау қойылды.
“The Qazaq Times”

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті