Ирактың батыс өңірінде болып жатқан Ирак үкімет күштері мен ДАИШ арасындағы қақтығыс кезінде, қақтығыс туралы хабар таратып жүрген әйел журналист қаза болған. Бұл туралы Ирактың қарулы күштері таратқан мәлімдемеге сілтеме жасай отырып «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлады.
Қазақ болған әйел журналистің есімі Низар Абдулхамид. Ирак үкімет армиясымен бірге, үкімет күштерінің ДАИШ-ке қарсы күресінің әр қадамын хабарлап келген. Низар мен бірге Хашди Шаби есімді оператор да Анбарға қарасты Каим ауданында көз жұмған.
Ирак журналистердің бас амандығына қауіп көбірек болатын елдердің бірі. Ирактың Ақпаратты бақылау басқармасының берген мәліметіне қарағанда 2017 жылдың өзінде 7 журналист оққа ұшқан, оның бірнешеуі арнайы қастандыққа ұшыраған. 11 журналист түрлі жарақат алған7