Барак Обама билік құрған 8 жылда АҚШ қаржы нарығына зор өзгерістер алып келді. Барак Обаманың 8 жылдық президентік қызметінің көрсеткіші соны дәлелдейді.
Барак Обама 2009 жылдың 20 қаңтарында ресми ант беріп, президенттікке сайланған уақыт – АҚШ қор нарығы «ырықсыз құлдырауға» ұшыраған кез болатын. Обама президентігі ұлықталған күні Poor 500 индексі не бәрі 805 нүкте шамасында тұрған болатын. Сегіз жылдан кейін бұл орын 2267-ге көтерілді. Обама билігі басталудан бұрын S & P 500 индексіндік АҚШ қорлары 235% өскен. Жылына 16,4% мөлшерімен қалпына келген. Статистикалық бойынша, Обама бұрынғы президент Жорж Буштан (Джордж Буш) әлде қайда үлкен табыстар алып келген.
2001 жылғы 20 қаңтардан, 2009 жылғы 20 қаңтарға дейін 8 жылдағы Буш билігі АҚШ қорларын 30,6% кеміткен. Алайда Буштан бұрынғы президент Клинтон көрсеткен нәтиже Обамадан жоғары болған екен. Клинтон биліктегі кезде АҚШ қор нарығының өсімі 264% болыпты. 2009 жылдың 9 науырызында Барак Обаманың «АҚШ қор нарығы өзінің ең тамаша кезеңінде сатылып тұр» деген сөзін атап өтпей болмайды. Оның мөлшерлеуі тура келді. Қаржылық дағдарыстан АҚШ қор нарығы ең төменгі шекке жеткен болатын, ал кейінгі сегіз жылда ол жедел өсіу жолын тауып кетті.
Factset Research Systems-ның статистикалық шолуына негізделгенде, Обама билігі тұсында өнеркәсіптік тауарлардан гөрі, тұтыну тауарларының кірісі басым болған. Қайтарылымының орташа бағамы 388% көрсетсе, жылдық қайтарылым 20% болған. Алайда энергетика саласы кенжелеп қалған. Ал ең төмен көрсеткішті ұстаған сала ауылшаруашылық саласы болып, сегіз жылдағы өсімі әрең 53 пайызды құраған.
"The Qazaq Times"