Америкалық ғалымдар Жердегі марсиандық шартта өмір сүруді моделдеу үшін өз тәжірибелерін бастап кетті. Бұл туралы Гавайи университетінің сайтында хабарланған.
Тәжірибе зонасы ретінде теңіз деңгейінен 2,6 киллометр биіктікте орналасқан, Мауна-Лоа аталатын жанартау ауданы алынды. Тәжірибе жасаушылар үшін, екі қабаттан тұратын геодезиялық күмбез – база ретінде қолданылады. Оның ауданы – 115,5 шаршы метр, биікігі – 7 метр. Зерттеу жқмыстары 19 қаңтардан басталып, 8 айға созылады.
Жобаға 8 адам қатысады (төрт ер адам, 4 әйел адам). Оларды 700 үмікердіңдің ішінен таңдап алды.
Сегізінің мақсаты: зерттеу жасау, құралдарды тестіден өткізу, ресурстардың, энергияның, азық-түліктің шығынын бақылап отыру. Олардың тұрағы болып саналатын күмбездің түсі мөлдір (немесе түссіз). Қатысушылар үшінші жақпен физикалық байланыс жасау мүмкіндіктерінен айырылады. Ал ұйымдастырушылармен радиобайланыс кезінде 20 минуттық кешіктірулер (задержка) болады.
Бұл – Гавайи университеті ұйымдастырып жатқан бесінші жоба. Алғашқысы 2013 жылы болған. Жұмысқа қаржылай көмек көрсетіп жатқан – NASA. Naked-science тілшілерінің айтуынша, тәжірибенің мақсаты – нақты миссияның шеңберінде тап болуы мүмкін деген, физиологиялық, техникалық, психологиялық қиындықтарды көрсету.
“The Qazaq Times”