ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азық-түлік дағдарысының уақыты жақындап қалғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, осыған байланысты Қазақстанда азық-түлік өндіретін ірі ауыл шаруашылығы орындарын дамыту керек.
Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының отырысы кезінде жаһандық миграция мәселелелеріне тоқталды.
"Миграция мәселелері түпкілікті қайта қарауды талап етеді. Адамзат тарихында қазіргі күнгідей демографиялық дисбаланс байқалған емес. Мысалы дамыған елдерде халық саны 1 млрд адамды құрайды, ал дамушы елдерде – 6,5 млрд", – деді Назарбаев.
Президенттің сөзінше, соңғы 25 жылда халықаралық мигранттардың саны екі есеге көбейіп, қазіргі кезде 250 млн адамнан асқан. Осыған байланысты дамыған елдердегі мигранттардың үлесі 5 пайыздан 10 пайызға дейін артқан. БҰҰ ақпаратынша, олардың 66 миллионы босқындар мен заңсыз мигранттар.
"Адамдар негізінен кедейшілік пен соғыстардан қауіптенгендіктен қоныс аударуға мәжбүр. Бұл әлеуметтік шиеленіске, қылмыстың артуына және жұмыссыздықтың күшеюуіне әкеледі. Таяу Шығыс пен Африкадан келген босқындар Еуропада көбейіп, әлеуметтік-саяси дағдарыс туындатып отыр... Оның үстіне, Ливан, Иордания, Түркия сыны елдерде босқындарды асырауға жалпы ішкі өнімінің 1,5-3 пайызы жұмсалады», - деді Президент.
Бұдан бөлек Президент кейбір елдердегі су тапшылығы мемлекетаралық қайшылықтарға әкеліп соғып жатқанын және алдағы уақытта жер әлемде халық санының артуынан азық-түлік дағдарысы болатынын айтты.