Моңғолиялық бүркітші қазақ қыз Айшолпан Нұрғали Гарвард және Оксфорд университеттеріне шақырту алды.
«Бүркітші аңшы қыз» фильмі шыққаннан кейін Айшолпан Нұрғали әлемдік білім мен ғылым саласында көшбасшы саналатын Гарвард және Оксфорд университеттеріне шақырту алған. Айшолпан қараша айының 9-ы күні Моңғолия премьер-министрімен кездесуінде: «Маған кинода ойнаған ұнайды. Бірақ болашақта дәрігер болғым келеді», - деген.
Қазіргі таңда Айшолпан Нұрғали Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы жергілікті мектептердің бірінде 11 сыныпта оқиды. Жақында ол Азия мен әлемнің дамуына қосқан үлесі үшін «Asia Game Changer Awards 2017» премиясын жеңіп алған.