Сүрия әскері ел аумағын толықтай «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымынан азат еткендігін мәлімдеді – деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда Сүрия әскері мен оның жақтастары «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының иелігіндегі соңғы Альбу-Камаль қаласы үшін күрес жүргізуде. Бұған дейін қазан айында Башар Асад армиясы Сүриядағы «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының астанасы саналатын Ракка қаласын азат еткен болатын. Ал шілде айында Ирак қарулы күштері өз аумағындағы Мосул қаласын лаңкестер иелігінен қайтарып алған.
Батыс елдері әскери сарапшыларының сөзінше, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының Ирак пен Сүрия аумағында жеңіліс табуы соғыс аяқталды деген сөз емес. Олар енді соғыстың партизандық тәсіліне көшетін болады және қайта күш алу үшін Таяу Шығыстағы келесі бір тұрақсыздықты ұтымды пайдалануға тырысады.
Жалпы аталмыш аймақтағы соғыс жақын уақытта аяқталмайтынын көптеген сарапшылар да айтуда. Себебі бір жағында Иран, Ресей, Түркия бастаған шииттер, ал екінші жағында Сауд Арабиясы, АҚШ және Батыс елдерінің қолдауындағы сүнниттер Таяу Шығыста өз мүдделері үшін әлі талай қан төгетін болады.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?