Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин  кездеседі.

Қараша айының 9-ы күні Ресейдің Челябинск қаласында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин 14 аймақаралық қарым-қатынас форумы аясында кездеседі деп күтілуде. Форум барысында екі ел басшылары жеке кездесіп, Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы жайында, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жайында сөйлеседі деп күтілуде.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей дипломатиялық қарым-қатынасына 25 жыл толуына орай бірнеше мемлекетаралық, үкіметаралық және комерциялық құжаттарға қол қояды. Қазақстан мен Ресей аймақаралық қарым-қатынас форумын жыл сайын кезек-кезек өткізеді.2016 жылы Қазақстан тарапы аталмыш форумды дәл осы қараша айында Астана қаласында өткізген болатын.

Естеріңізге салайық, бұған дейін қараша айының 8-і күні Владимир Путин соңғы уақыттары Нұрсұлтан Назарбаевты сынап жүрген Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен телефон арқылы сөйлескен болатын.

“The Qazaq Times”