Ресейде Өзбекстан басшысы Ислам Кәрімовке Мәскеу қаласында ескерткіш орнатуға қарсы акция өтуде.
Қарсылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі ЛДПР партиясының мүшесі Георгий Городецкий. Оның сөзінше, Мәскеу қаласында "орыс халқының жауы және диктатор" Ислам Кәрімовке ескерткіш орнатуға болмайды. Және де Ресей билігіне Өзбекстанмен араға виза енгізу қажет. Әйтпесе Ресейге жыл сайын орыс тілін білмейтін, түсінбейтін, жаза алмайтын мыңдаған өзбек жұмыс істеуге келуде. Городецкий өз ойын жүзеге асыру үшін "Change.org" сайтында аталмыш бастаманы қолдайтын адамдардың қолын жинау жұмыстарын бастап кеткен. Қазіргі таңда 6 мыңнан астам адам Городецкий көзқарасымен келісетінін айтып дауыс берген.
Естеріңізге салайық, 2016 жылың 1 қараша күні Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин Өзбекстан елшілігі орналасқан Якиманка ауданында Ислам Кәрімов ескерткішін 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін орнату керектігін айтқан болатын. Ескерткіш құны 35 миллион рубльді құрайды. Аталмыш қаржыны толығымен Өзбекстан билігі өз мойынана алған. Ал құрылыс жұмыстарын Ресей тарапы жүргізетін болған.
Жалпы Ресейде 2 миллионнан астам өзбек ұлты тұрады. РФ көші-қон қызметі таратқан соңғы мәліметтер бойынша, қазіргі таңда Ресей аумағында 1 миллион 700 мыңнан астам еңбек мигранттары бар. Олардың 200 мыңнан астамы Өзбекстан азаматтары.