Ливан Сауд Арабиясына соғыс жариялаушы мемлекет – деп мәлімдеді ресми Эр-Риядтың парсы-араб шығанағы істері министрі Самер Әл- Сабхан.
Ол жергілікті «Al-Arabiya» телеарнасына берген сұхбатында: «Біз Ливан еліне Сауд Арабиясына соғыс жариялаушы мемлекет ретінде қарайтын боламыз. Біздің Ливанға бұлай қараумыздың басты себебі Хезболла террорлық ұйымы. Аталмыш ұйымның Сауд Арабиясы аумағында болған барлық террорлық шабуылдарға қатысы бар. Хезболла ұйымы ел жастарын лаңкестік топтарға мүше болуға итермелеуде. Ливан билігі осы жағдайлардың барлығын ескеруі керек және Хезболла ұйымына тосқауыл қоюы тиіс» - деген.
Естеріңізге салайық, қараша айының 4-і күні Ливан премьер-министрі Саад Харири өзінің отставкаға кетуін дәл осы Сауд Арабия астанасы Эр-Риядта мәлімдеген болатын. Ол өзінің қызметтен кетуін елдегі тұрақсыздықпен байланыстырып, «Хезболла ұйымы мен Иран араб әлемінде бүлік жасаушылар» деген болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?