Биыл желтоқсан айының 1-і күні қырғыз басшысы Алмазбек Атамбаевтың өкілеттік мерзімі аяқталады. Осыған байланысты қырғызстандық БАҚ өкілдері Атамбаевтың алты жылда жұмсаған қаржысынан бастап, қандай көлікпен жүретініне дейін жарыса жазуда.
Олардың есебінше, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бастап, 2017 жылдың қазан айына дейін қырғыз президентінің әкімшілігі 2 миллиард 682 873, 92 сом қаржы жұмсаған. Бұл қаржының ішіне Алмазбек Атамбаевтың жалақысы, президент әкімшілігі қызметкерлерінің еңбекақысы барлығы кірген.
Қырғызстан Қаржы министрлігі порталындаға «ашық бюджет» бөлімінде көрсетілген мәліметтер бойынша, Алмазбек Атамбаев 2012-2016 жылдар аралығында 5 миллион 772 мың сом көлемінде жалақы алған. Бірақ бұның барлығы президент әкімшілігі жұмсаған қаржының толық есебі емес. Бұл жерде Қырғызстан Қаржы министрлігі Атамбаевтың президент резиденциясындағы шығындары мен жүріп-тұру, іс-сапар шығындарын есептемеген.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?