Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында республикалық «Асар» үшжақты серіктестік форумын өткізу кезінде серіктестік жөніндегі келісімге қол қою рәсімі өтті.
Серіктестің мақсаты - субъектілері мен олардың ассоциацияларының (одақтарының) коммерциялық емес ұйымдармен өзара сәтті іс-қимылын ұйымдастыру саласындағы міндеттер мен функцияларды іске асыруда күштерді жұмылдыру арқылы Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам институттарын одан әрі дамытуға септігін тигізу.
Серіктестік ақпарат алмасу, ұсынымдар жолдау, талдамалық шолулар, презентациялар, келісімдер, шарттар, хаттамалар, қарарлар мен өзге құжаттар жасасу арқылы іске асырылатын болады. Сонымен қатар, жобалар, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер мен брифингтер ұйымдастыру сияқты өзара іс-қимыл түрлері қолданылуы мүмкін.
Серіктестік туралы келісімге Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов пен «Атамекен» КҰП басқарма басшысының орынбасары Эльдар Жұмағазиев қол қойды.
Сондай-ақ, форум аясында бизнес-құрылымдар мен ҮЕҰ арасында бірлескен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін жалпны саны 10 меморандумға қол қойылды. Қол жеткізілген келісімдерменмеморандумдарүкіметтік емес ұйымдардыңжұмысын оңтайландыруға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау қаласында екі күндік республикалық «Асар» форумы өтуде. Шараның ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Қазақстан Республикасы «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы және Атырау облысының әкімдігі.Сондай-ақ, форумның серіктестері- «Chevron», «Tengizchevroil», «Raimbek Group» ЖШС, Қазақстан жастар конгресі, «Жастар таңдауы- Атырау» қоғамдық ұйымы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес ұйымы.