Жапония Сыртқы істер министрі Кавано Таро осыдан бірнеше күн бұрын жасаған мәлімдемесінде, Жапонияның АҚШ, Жапония, Аустралия және Үндістан елдері арасындағы стратегиялық диалогқа қол жеткізуге тырысып жатқанын айтты. Бұл диалогтар Оңтүстік Қытай теңізі және Үндістаннан тартып Африка құрлығының шығысына дейінгі теңіз-мұхит аумағындағы еркін сауданы жебеу және теңіз қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы болатынын атап өтті.
Аталған елдің «Жапония экономика жаңалықтары» атты басылымында Сыртқы істер министрі диалогті бастап кеткенін айтады. Тамыз айында Аустралия, АҚШ және жапон елінің СІМ өкілдері кездескен кезде бұл мәселе туралы кеңескен. Ал, алдағы уақытта АҚШ президенті Шығыс Азия елдеріне сапарлай бармақ. Сол уақытта Жапония премьер-министрі Шинзо Абе (Shinzo Abe) төрт елдің стратегиялық диалогын ортаға салмақ екен. Бұл ұсынысты Трамп жылы қабылдайды деп күтілуде.
Төрт елдің стратегиялық диалог жоспарын алғаш рет 2016 жылы Жапония премьері Шинзо Абе ұсынған. Ол осы ынтымақтастық арқылы Үнді мұхитын қауіпсіз және еркін де ашық сауда-саттық алаңы етуді ұсынған. Стратегиялық диалогтың негіздерінің бірі - еркін сауданы дамыту. Кавано Таро мырза сөзінде: «Бұл Азиядан Африкаға жоғары деңгейлі инфрақұрылымды инвестициялауға мүмкіндік береді. Сол арқылы елдердің дамуымен бірге азаматтардың жаңа еркін әлемге бастайды», – деген болатын.
Жапонияның жүзеге асыруға барынша тырысып жатқан бұл жоспары, Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының Азиядағы бірден бір қарсыласы деуге болады. Төрт елдің арасындағы стратегиялық диалог жүзеге асып, Оңтүстік Қытай теңізінен тартып Африкаға дейінгі сауда жолы аталған төрт елге қарайтын болса, Қытайды бұғаулап тастағанмен бірдей. Қытайдың Оңтүстік Азиядан өтетін теңіз жолындағы ықпалы әлсірейтін болса, онда ол шартсыз түрде «Бір белдеуден» бас тартып, «Бір жол» бағдарламасына күш салуы да мүмкін. Бұл Қазақстанмен тікелей қатысты геосаяси ойын болмақ.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?