Біз барлық салада Өзбекстанның мықты мемлекет болғанын қалаймыз - деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевпен кездесуінде.
Қазан айының 25-сі күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Түркияға ресми іс-сапары басталды. Бұл Өзбекстан басшысының араға 20 жыл салып Түркияға алғаш келуі. Осыған байланысты Режеп Тайып Ердоған Шавкат Мирзиеевты өзінің Анкарадағы резиденциясында жеке қабылдап: «Бұл Өзбекстан басшысының араға 20 жыл салып Анкараға алғаш рет ат басын бұруы. Біз үшін бұл өте маңызды кездесу. Бүгін біз 22 құжатқа қол қойдық. Ертең тағы төрт құжатқа қол қоятын боламыз. Қазіргі уақытта екі ел арасындағы тауар айналымы 1,2 миллиард долларды құрайды. Бірақ бұл біз қалаған деңгейден әлде қайда төмен көрсеткіш. Біз барлық салада Өзбекстанның мықты мемлекет болғанын қалаймыз» - деген.
Ал өз кезегінде Шавкат Мирзиеев: «20 жылдық үзілістен кейін біз бір-бірімізді сағынып қалыппыз. Қазір біз бір-бірімізді ешқандай сөзсіз ақ түсініп отырмыз. Екі бауырлас ел арасында виза мәселесі болмауы тиіс. Бұл мәселені жоспар бойынша шешетін боламыз» - деп мәлімдеген.
Бұдан бөлек бүгін қос елдің президенттері Стамбұл қаласында жалпы құны 3,5 миллиард долларды құрайтын құжаттарға қол қоятын болады. Шавкат Мирзиеевтың Түркияға ресми сапары қазан айының 27-сі күні аяқталады деп күтілуде.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?